18.09.2019, 18:14
Оқылды: 104

«Ысырап – мұсылманға кесапат»

Осындай тақырыппен облыстық орталық мешіттің ұйымдастыруымен қаладағы «Достық» үйінде дөңгелек үстел өтті. Оған  ҚМДБ-ның қызметкерлері,  БҚО  дін істері басқармасының басшысы Мақсат Раманқұлов, облыстық мешіттің ақсақалдар алқасының мүшелері, медресе ұстаздары мен шәкірттері қатысты.

  20190917_151841

Алдымен ҚМДБ-ның БҚО бойынша өкіл имамы Мұратбек қажы Қыстаубаев  аталмыш тақырып бойынша баяндама жасап, мәселеге үлкен мән беріп, насихат жұмыстарын жандандыруды баса жеткізді. Дін істері басқармасының басшысы Мақсат Раманқұлов осы тақырып бойынша мемлекет заң жобаларын қабылдайтынын айтты.

Ақсақалдар алқасының орынбасары Ғұмар қажы Құрақов зираттар зәулім үй секілді етпей, соған жұмсалған қаржыны  пайдалы, қайырлы істерге жұмсаса нұр болар еді дейді. Орал орталық мешітінің наиб имамы Бақытжан  Құралбайұлы садақа турасында сөз қозғап, дастархан мәзіріне тоқталды. ҚМДБ Ғұламалар кеңесінің XV отырысында қабылданған «Жаназа һәм жерлеу рәсімдері» пәтуасының аясында рәсімдерді өткізу, ҚМДБ бұйрығымен бекітілген арнайы дін мамандарының қызметіне жүгіну мәселелері сөз болды.

Ақжайық өңірі бойынша ортақ құдайы ас (садақа) мәзірі бекітілді. Соған сәйкес садақа дастарханына бауырсақ, жеті нан, тары, талқан (жарма), қаймақ, сары май сынды ұлттық тағамдарымызды және одан бөлек нан, құрма, қант, кәмпит, печенье, мейіз, өрік, шай, су және ыссы тамақ есебінде ет (немесе күріш) қою ұсынылды.

                                                                                Нұрлан  Саматұлы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале