5.09.2022, 12:53
Оқылды: 368

Жолдау жүктеген міндеттер талқылануда

Дәл қазір облыстық мәслихатта өңір басшысы, облыстық партия филиалының төрағасы Ғали Есқалиевтің төрағалығымен Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Жолдауын қолдау бойынша Батыс Қазақстан облыстық "AMANAT" партиясы активінің отырысы өтуде.

IMG-20220905-WA0008

Актив отырысына аумақтық партия филиалдарының төрағалары мен атқарушы хатшылары, облыстық мәслихат депутаттары мен партия ардагерлері қатысуда.

Отырысты ашқан Ғали Есқалиев ҚР Президентінің халыққа Жолдауы қазақстандықтар халқы үшін өте маңызды құжат болғандығы, туралы атап өтті. Өңір басшысы кезекті Жолдауда көрсетілген нақты бағыттарды талқылап, көпшіліктің ұсыныс-пікірлерін білгісі келетінін жеткізді.

14

Сонымен қатар, облыс басшысы өз сөзінде Жолдаудағы негізгі тапсырмалардың бірі тарифтерге қатысты, өңіріміздегі ауыз су, электр жарығымен қамту саласындағы күрделі, қордаланған мәселелер бар екендігін, және осы мәселелерді шешу бойынша алдағы жоспарланған жұмыстар туралы айтып өтті.

Альфия Шамаева,
zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале