18.11.2016, 12:35
Оқылды: 24

Жетпістің төріне жайғасты

%d0%b6%d0%b5%d1%82%d0%bf%d1%96%d1%81%d1%82%d1%96%d2%a3-%d1%82%d3%a9%d1%80%d1%96%d0%bd%d0%b5-%d0%b6%d0%b0%d0%b9%d2%93%d0%b0%d1%81%d1%82%d1%8b  Бөкей Ордасы ауданы әкімдігінің кіші мәжіліс залында аудан әкімінің орынбасары Рүстем Зұлқашев жетпістің төріне жайғасқан еліне сыйлы қария Әбухан Исәлиевті қабылдап, ізгі лебізімен қоса, ақсақалдың иығына зерлі шапан жапты.

Аталмыш жиынға Социалистік Еңбек Ері Ескендір Есімов, аудан әкімінің орынбасары Лариса Қайырғалиева, мерейжас иесінің замандастары, қоғамдық ұйым өкілдері және өзге де шақырулы адамдар қатысты.


Өз кезегінде Лариса Тельманқызы Әбухан Жамаладинұлының ғибратты ғұмыры мен еңбек жолына аз-мұз тоқталып өтсе, өмірдің ыстық-суығын бірге кешіп келе жатқан игі жақсыларымыз Ноқаш Қадымов, Гүлжан Бисекенова, Каспи Жахатов және Марат Қадешевтер жастық күндердің естеліктерімен бөлісті.

Алла деніңізге саулық беріп, шаңырағыңыздан ырыс-береке кетпесін дейміз біз де.

Г.БАДЕЛОВА

Бөкей ордасы ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале