21.09.2016, 13:39
Оқылды: 37

Ән мерекесі

%d0%ba%d0%b8%d0%b1%d0%b0%d1%88%d0%b5%d0%b26Ақжайық ауданының орталығы-Чапаевта осы ауданының Құрметі азаматы, «КСРО-ның озат мәдениет қызметкері» белгісінің иегері, сазгер Ғұбайдолла Хибашевтың әндерін орындаудан облыстық «Ақжайық-өлкем» атты байқау басталды.

Оған қатысушыларды және Ғ.Хибашевті аудан әкімі Әділ Жоламанов қабылдады. «90-нан астам әні бар танымал сазгер Ғұбайдолла Хибашевтың шығармаларын орындаушылардың байқауы Чапаевта өтуі біз үшін зор мәртебе. 2012 жылдан бері өтіп келе жатқан бұл өнер мерекесі мәдени-рухани құндылықтарымызды еселеуге айтулы серпіліс беріп келеді. Сондықтан Ғұбайдолла ағамызға, осы шараның қолдаушылардың бәріне алғысымыз шексіз»- деді ол.

Конкурсқа 11 әнші келді. Қазір олардың алды репертуардағы алғашқы әндерін орындады.

Бек Сүйініш

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале