6.04.2021, 18:00
Оқылды: 54

Ақжайықта бір ұжым толығымен вакцина алды

Апта ішінде аудан орталығындағы «Бөбек» балабақшасының ұжымы түгелге дерлік коронавирусқа қарсы вакцинаның алғашқы екпесін алды. Балалармен жұмыс істейтін қызметкерлер осылайша ұжымдық иммунитет қалыптастырып, сәбилердің індетке шалдықпауын қамдады.

аа

«Біздің мақсатымыз – өзіміздің және балалардың саулығы. Мына вирустың жедел және жаппай тарайтыны алаңдатпай қоймайды. Егер арамызда бір қызметкер ауыра қалса, балаларға, өзге әріптестерімізге жұғу қаупі жоғары. Балаға маска тақ, санитарлық талаптарды сақтан деп айта алмайсың. Сондықтан өзім бастап, әріптестерім қостап, түгел вакцина алатын боп шештік», - дейді балабақша меңгерушісі Гүлжанат Қажғалиева.

Бұл ұжымда 40 адам жұмыс істейді. Олардың ішінде жүкті, денсаулығына байланысты дәрігер рұқсат етпегендерінен басқасының бәрі, яғни 32 қызметкер аталмыш вакцинаны алды. Енді балдырғандарын балабақшаға әкелетін ата-аналар да уайымдамайтын болды.

Әлия Шарапиева,

Ақжайық ауданы

zhaikpress

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале