19.07.2022, 15:30
Оқылды: 17

Аудан бюджетіне өзгерістер енгізіледі

Бүгін Теректі ауданы мәслихатының депутаттары кезектен тыс 24 сессия отырысын өткізді.

2

Отырысқа аудан әкімдігі тарапынан Теректі ауданы әкімінің орынбасары Ержан Досмақов бастаған бірқатар бөлім-мекеме басшылары қатысты.

Сессияда аудандық мәслихаттың «2022-2024 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу  қаралды.

Теректі ауданының экономика және қаржы бөлімі басшысы Гүлмира Сәрсенова осы мәселе бойынша баяндама жасап, бюджет қаражатын жұмсауда бағдарламалар мен әкімгерлер кесіндісінде туындаған өзгерістерді нақты көрсетті.

4

Тағы бір қаралған мәселе – жергілікті мәслихаттың «Теректі ауданы бойынша учаскелік сайлау комиссияларының құрамын қалыптастыру туралы» шешіміне өзгерістер енгізу болатын. Бұл шешімге енгізілетін өзгерістер жайында аудандық мәслихат аппаратының басшысы Болат Кенжеғұлов баяндады.

Осы екі баяндаманы тыңдап, мақұлдаған депутаттар күнделікті аудан тынысына байланысты мәселелерді талқылап, қатысып отырған атқарушы билік өкілдерімен кеңесті.

Балнұр Қанаева,

Теректі ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале