19.07.2023, 2:35
Оқылды: 26

Бабын білген бақша өсіреді немесе бақша өнімінде береке бар

Бүгінде табиғи таза өнімге сұраныс артып отыр. Тұрғындар дүкен сөрелерінде тізіліп тұрған азық-түлікке қарағанда жергілікті кәсіпкерлердің шығарған өнімдерін тұтынғысы келеді. Бұл сұраныс әсіресе пандемиядан кейін күрт артып, тұрғындар ас мәзіріндегі жеміс пен көкөністі көбейтті. Қалалықтар өз денсаулықтарын нығайту мақсатында саумал мен қымызды іздеп жүріп ішсе, ауылдың дәмі - қаймақ пен қолдың сары майын жәрмеңкеден таласып сатып алады.
WhatsApp Image 2023-07-14 at 17.15.50
Сол сияқты бақша өнімдеріне де сұраныс жоғары. Әттеген-айы, халықтың бұл сұранысы әзірше толық орындалмай отыр. Дегенмен, бақша шаруашылығына ден қойып, қолға алып жатқан шаруалар қатары артып келеді.

Аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысыАлтынбек Бексейітов биылдың өзінде өңірдегі ауылшаруашылық құрылымдары және тұрғындарымен жалпы 145 гектарға картоп, 140 гектарға көкөніс егілгендігін айтады.
Мәселен, аудандағы ірі шаруашылық болып санадатын «Жарсуат» серіктестігі 61 гектарға картоп, 15 гектарға көкөніс отырғызған.

Аталған серіктестік өткен жылы 54 гектар жерге  картоп егіп, 1002 тонна өнім алған болатын. Алынған өнімнің 560 тоннасын аудан халқына келісі 60 теңгеден сатылды. Бұл өз кезегінде тұрығындарға зор көмек болды.

Шаруашық директоры Ақылдос Үгітовтың айтуынша, картоп өсіру пилоттық жоба болып табылады.
-    Былтыр картоп егіп бастадық. Ойымыздағыдай өнім алдық. Бірақ бұл осы өнім түрін жыл сайын егеміз деген сөз емес. Әзірше тәжірибе жасап көріп жатырмыз. Жалпы, бақша өнімдерінің барлығын егу ойымызда бар. Биылдың өзінде картоптан бөлек, 2 гектарға қызанақ, 1 гектарға қияр, 11 гектарға сәбіз, 0,5 гектарға баялды, 0,5 гектарға бұрыш және 6 гектарға бақша дақылдарын отырғыздық. Әрі алқаптарға жаңа технологияларды қолданып жатырмыз. Оның ішінде тамшылатып суару үшін арнайы техника сатып алдық. Біз сыйымдылығы 12 мың тонналық көкөніс қоймасын салуды жоспарлап отырмыз. Бастапқыда бұл қойма 3 мың тонна болу керек болатын. Кейін, өзіміздің және өзге де шаруалардың мүмкіндіктерін ескере отырып, қойманың көлемін ұлғайтуды жөн көрдік, - дейді серіктестік директоры.
Мамандар ауданда картоп өнімінің егілемеген кезі болмағандығын айтады. Дегенмен басым көпшілігі жеке шаруашылық жанынан егілген.

photo-output

-    Өткен жылға дейін «Ермұрат», «Овощевод» шаруа қожалықтары картоп егумен айналысты, бірақ алқаптары аз болды. Сондықтан тұрғындардың қажеттілігін қанағаттандыра алмады.    "Жарсуат" ЖШС былтыр 54 гектар, биыл 60 гектар егіп отыр. Шаруашылық алдағы жылдары картоп көлемі 200-300 гектарға жеткізу жоспарланып отыр, - деп атап өтті Алтынбек Бексеитов.
Рас, "Жарсуат" серіктестігінің егістік көлемін ұлғайтуға мүмкіндіктері зор. Ол үшін мемлекет те қолдау білдіріп отыр. Ендігі мәселе - қойма салу. Өйткені шыққан өнім ысырап болмай, келесі өнім жинау науқанына дейін халықты экологиялық таза өніммен қамтамасыз ету маңызды. Жалпы аудан тұрғындарының көкөніс қажеттілігі 14-15 тоннаны құрайды.

Қойма құрылысы - бізің аудан үшін үлкен іс. Бүгінде жер телімі бөлініп, құрылысқа дайындық жұмыстары жүріп жатыр, қондырғылар сатып алынуда. Құрылысты аяқтаса, монтаждау жұмысына, қондырғысына мемлекеттік қолдау шаралары қарастырылған. Яғни орнатылған қондырғылардың 50 пайызын мемелекет қайтарып береді. Тіпті, қойма құрылысының 50 пайызын мемлекет тарапына субсидия болады.  Жоба құны 250 млн. теңге құрап отыр, шаруашылық қойманың негізгі бөлігін өз қаржысын асалуды кзздеп отыр. Алайда, өз қаржысы жеткіліксіз болғандықтан «Казагроқаржы» АҚ-нан несие алуды жоспарлап отыр, - деп атап өтті бөлім басшысы.

Айта кету керек, сеіктестік ауыл шаруашылық техникасын, соның ішінде тамшылатып суару, жаңбырлатып суару техникаларын сатып алуда. Техниканың барлығына мемлекеттен 20 пайыз субсидия алады.

WhatsApp Image 2023-07-14 at 17.21.33

Бақша баптап, жерден берекесін тапқан тағы бір дихан«Ермұрат» шаруа қожалығының басшысы ЕрбөлекЕсентөриев.

Шару биыл өз алқабына 0,5 гектар жерге қияр, 2,5 гектар жерге қарбыз, 1 гектар жерге қауын еккен.

-    Қазір шаруашылықта 10 адам еңбек етеді. Бау-бақша  шаруашылығы оңай жұмыс емес. Егу оңай, оны баптау, өсіру қиын. Маңдай теріңді төгіп, еңбек етпесең, жерден нәпақа таба алмайсың. Сапалы өнім алу үшін, еккен дәнді-дақылына күтім керек, уақтылы суарып, тазартып отыру қажет. Бір қияр қандай да бір өсімдік ауруына шалдықса, оны жұлып, тазалап тастап әрі қарай басқалары ауруға шалдықпайтындай етіп өңдеп, жұмыс істей береміз. Тамшылатып суарылады. Осы жүйенің көмегімен әрбір өсімдіктің тамырына су жетеді. Топырақтың үнемі ылғал болып тұруы маңызды. Жалпы, кірпияз қияр жылуды, жарықты, ылғалды жақсы көреді.   Оған қоса қауын-қарбыз да өсіп келеді. «Не ексең, соны орасың» демекші, өнім жақсы боларына сенемін,  - дейді шаруа.

WhatsApp Image 2023-07-17 at 14.18.57 (1)

Алдағы жылы алқапты ұлғайту да ойында бар. Шыққан өнімді алдымен ауыл тұрғындарын арзан бағамен қаматамасыз етіп, осыдан кейін аудан орталығына саттыққа шығармақ.

"Ермұрат" ШҚ 15 жыл ал  "Овощевод" ШҚ 20 жылдың  үстінде бақша өсірумен айналысады.  Оған қоса "Ахатов" шаруа қожалығының 20 гектар жері бар. Соның 7-8  гектарына алма ағашын егіп, қалғанына көкөніс өсірем деген жоспар қойып отыр. Негізі көкөніс өсіріп, жәрмеңкеге ұдайы шығарып отырады.  Жалпы берекесін жерден тапқан диқандарға мемлекеттен қолдау зор. Мәселен ауылшаруашылығы техникасына 20 пайыз субсидия алса, өсімдік тұқымына, мәселен картоп және өзге де көкөніс тұқымы мен тыңайтқыштарға 50 пайыз субсидия алады, -дейді Алтынбек Бексеитов.

Ауданда бірнеше жылдан бері ұжымдық бақша салу да қолға алынған. Бұл тың әдіске бірнеше жылдан бері Пугачев тұрғындары белсене қатысып келеді.

- Халықты құнарлы тағаммен, көкөніспен қамту, азық-түлікқауіпсіздігін қамтамасыз етуге үлес қосу мақсатында ұжымдық бақша егу шаруасы қолға алынған еді. Көткемде жер жыртылып, 1 га жерге картоп отырғызылды. Егілген егіс тамшылатып суару әдісі арқылы суарылуда. Тамшылатып суару әдісі – ең алдымен судың ысырабын азайтудың, екіншіден өнім көлемін арттырудың бірден-бір жолы болып табылады. Тұқымдық картопты ауыл тұрғындары өз қаржыларына жергілікті шаруа қожалығынан сатып алынса, суару әдісіне қажетті қондырғыларды "Industrial construction services kaz" ЖШС тарапынан  демеушілік көмек арқылы алынды» - дейді ауыл әкімі Мереке Ізтілеуов.

WhatsApp Image 2023-07-17 at 14.18.56 (1)

Ұжымдық бақшаға тұрғындар өздері күтім жасаса, бақша салған диқандар жұмысшы қол жетпейтіндіктерін айтады. "Жарсуат" шаруашылығы жоспарлаған қойма құрылысына да мамандандырылған құрылысшылар қажет. Бұл мәселені жергілікті атқарушы орган да біліп отыр.

Жалпы, "еңбек деген байлық бар, ерінбеген жетеді" деген халықпыз. Бабын тауып бақша өсіру де оңай шаруа емес. Дегенмен, қос білекті сыбанып кіріскен шаруа адамына жер-ананың да берері мол екені рас. Берекесі мол бақша шаруашылығы өңімдері өңірімізде биыл да молынан болып, диқандардың еңбегі еселене берсін.

photo-output

Айым Нұрғалиева,

Бөрлі ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале