13.03.2019, 18:12
Оқылды: 30

Бәйтеректе мемқызметкерлер тимбилдинг сайысына қатысты

Бәйтерек ауданы əкімдігінің ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясының БҚО филиалының жетекші маманы Айгүл Қазиева мемлекеттік қызметкерлерге арнап тимбилдинг өткізді. ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясының жұмысына тоқталып, аталмыш оқу орнының жұмыс бағытымен таныстырып, академияға оқуға шақырды.

тим 3

Мемлекеттік қызметкерлердің кəсіби біліктігін жетілдіруге арналған тимбилдинг екі топ арасында өткізілді.

Тимбилдинг кезеңдері таныстыру, блиц сұрақтарға жауап беру, сулифа ойыны, «Не? Қайда? Қашан?» сұрақтарына жауап беру, понтомимо ойындары болды.

Шара қорытындысында аудан әкімі аппаратының бөлім басшысы Сәуле Кәрімқызы сөз алып, шараның маңыздылығына тоқталып, тимбилдинг өткізуші маманға алғыс білдірді.

Тимбилдинг нəтижесінде «Бəйтерек» командасы жеңімпаз атанды. Үздік ойын нәтижесін көрсеткен аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Ерікқали Бисақаев, аудандық жер қатынастары бөлімінің заңгері Нұржан Ешмұратов, аудандық сәулет құрылыс, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы Арман Жұмабеков алғыс хатпен марапатталды.

тим 4 тим

Шыңғыс Ромашев,
Бəйтерек ауданы

 

© zhaikpress.kz 

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram -дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале