27.02.2020, 10:44
Оқылды: 93

Бәйтеректе «Жұбан оқулары» өтті

 Бәйтерек ауданында қазақтың көрнекті ақыны, қоғам қайраткері, халық жазушысы Жұбан Молдағалиевтің 100 жылдық мерейтойына орай Қ.Аманжолов атындағы орта мектепте аудандық білім беру бөлімінің ұйымдастыруымен аудандық «Жұбан оқулары» байқауы өтті. 

 juban (1)

Байқауда Бәйтерек ауданы мектептерінің өнерпаз ұстаздары сайысқа түсті. Шара барысында Қ.Аманжолов атындағы орта мектеп директоры Роза Тасанова, аудандық әдістемелік кабинетінің меңгерушісі Гүлжан Рамазанова сөз сөйлеп, жиналған қауымды мерейтоймен құттықтап, мұғалімдерге сәттілік тіледі.

juban (2)

Байқау «Егер сен от болсаң...» (Жұбан шығармаларын мәнерлеп, жатқа оқу), «Сәуле-ғұмыр» (ақынның сөздеріне жазылған әндерді орындау), «Ғашықтық жүрегімен халқын сүйген» (қатысушылар төл шығармаларын орындау) шарттарынан тұрды. Көрермен Жұбан кітаптарынан жиналған арнайы көрмемен қатар, мектеп оқушылары ұйымдастырған «Поэзия минуттарын» тамашалады.

juban (3)

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Айдана Сапиева (Дариян мектеп-гимназия интернаты), ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Айдана Бисекешова (Батурин орта мектебі), қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Саян Халенов (Махамбет орта мектебі) байқау жеңімпаздары атанды.

Аружан Болатбекқызы

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz 

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале