18.01.2023, 17:00
Оқылды: 31

Бес мәселе бекітілді

Жәнібек ауданы әкімдігінде аудандық мәслихат хатшысы Тахир Қадимовтың төрағалығымен аудандық мәслихаттың кезектен тыс жиырма тоғызыншы сессиясы өтті. Сессия жұмысына аудан әкімі Азамат Сафималиев, ауылдық округтердің әкімдері қатысты.

5a610a47-ad98-472a-966b-34a37f0d79dc

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» заңы негізінде сессияның күн тәртібінде Жәнібек аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі округтік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау, аудандық мәслихаттың 2017 жылғы 29 желтоқсандағы «Жәнібек аудандық мәслихат аппаратының құрылымы туралы» №19-3 шешіміне өзгерістер енгізу, яғни 2022 жылдың 5 қарашасындағы ҚР кейбір заңнамалық актілеріне мемлекет басшысының былтыр 16 наурыздағы Жолдауын іске асыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңына сәйкес, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» заңына өзгерістер енгізіліп, хатшы деген сөз төраға деген сөзге ауыстырылды.

03

Сонымен қатар аудандық мәслихаттың 2019 жылғы 13 қыркүйектегі «Жәнібек ауданы әкімі жанындағы жастар Кеңесінің құрамын бекіту туралы» №34-5 шешіміне өзгерістер енгізу, аталмыш уақыттағы «Аудан әкімдігі жанындағы ҚР мемлекеттік рәміздері жөніндегі комиссияның құрамы туралы» №34-4 шешіміне өзгерістер енгізу және 2019 жылғы 28 маусымдағы «Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі аудандық комиссияның құрамын бекіту туралы» №33-3 шешіміне өзгерістер енгізу мәселелері қаралды. Сондай-ақ ауылдық елді мекендерге жұмыс істейтін және тұратын басшылық лауазымдарды атқаратын мемлекеттік әкімшілік қызметшілерін қоспағанда, 2023 жылы Жәнібек ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген, денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округ әкімі аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау ұсыну бойынша аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Руслан Сариев хабарлама жасаса, аудан бойынша халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтерді бекіту хақында аудандық тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Мақсат Жаналиев айтып берді.

Сессия барысында аудандық мәслихат депутаттары шешім жобаларын бекітті.

Гүлзара Мәди,

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале