25.02.2019, 10:36
Оқылды: 26

Қанайда ұлттық спорттан сайыс өтті

Бөрлі ауданындағы Қанай ауылында Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы аясында және Жастар жылына орай тай жарысы мен аударыспақ сайысы өткізілді.

 borli (2)

         Шарада Қанай ауылдық округінің әкімі Е.Бахиев құттықтау сөз сөйлеп, «Көркем» әжелер ансамблінің «Тәуелсіз ел ұраны» әнімен басталды.       Қатысушыларға ауылдың үлкені Маржан әже бата беріп, сәттілік тіледі.

         Тай жарысында бірінші болып Марат Мурзагереев келді. Мәреге екінші Тамерлан Таңатаров, үшінші болып Мұрат Абигов табан тіреді. Аударыспақта қарсыластарын шаң қаптырып I орынды Мұрат Абигов жеңіп алды. Ал Тамерлан Таңатаров ІІ, Ержан Таңатаров ІІІ орынды қанжығаларына байлады.

borli (3)

Мейрамбек Сыдықов,

Бөрлі ауданы

 

© zhaikpress.kz

 

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram -дағы парақшамыздан және Telegram каналымыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале