25.09.2021, 14:54
Оқылды: 34

Теректі ауданында туристік жарыс өтті

Теректі ауданында ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы және халықаралық туризм күніне орай «Іс үшін» қоғамдық бірлестігі, жастар ресурстық және туризм орталықтарының ұйымдастыруымен туристік жарыс өтті.

33C95D22-434D-44BE-9BA7-C61BD6F21D46

Жарысқа 6 команда қатысты. Атап айтсақ, Федоров, Подстепный, Долин, Ұзынкөл, Аңқаты және түзету кабинеті құрамалары бар. Жарыс екі кезеңнен тұрды. Алғашқы айналым туристік кедергілерден өрмелеп өту болса, екінші айналым қалдық заттардан әдемі бұйымдар жасау.

C1E43DC6-80BE-4C8C-BED1-3CBAB6916525

Нәтижесінде жүлделі I орын Долин ауылдық округіне, II орын Федоров округі құрамасына, III орын Подстепный ауылдық округіне бұйырды.

Барлық қатысушыларға алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтар табыс етілді.

Балнұр Қуанышқызы,

Теректі ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале