25.05.2021, 14:26
Оқылды: 59

Тереңкөлдік түлектер коворкинг орталығын ашып берді

Бүгін Казталов ауданындағы барлық білім ордаларында соңғы қоңырау салтанаты өтті. Соңғы қоңырау Тереңкөл жалпы орта білім беретін мектебінің ұстаздары мен мектеп бітірген түлектер үшін ерекше күн болды. Атап айтар болсақ, мектеп бітіргендеріне 5, 10, 20, 30, 40 жыл толған түлектер "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында сүйікті білім ордасына əртүрлі тартулар жасады. Жалпы түлектер күшімен 5 жоба жүзеге асты. Соның ішінде мектеп бітіргендеріне 10 жыл болған, 2011 жылы мектеп бітірген түлектер коворкинг орталығын жасақтап, сыйға тартты.

7ECACC07-EF5B-41E1-9669-CDAAE62F75DD

Осы бір шағын ғана ауылда кіндік қаны тамып, киелі білім ордасынан түлеп ұшқан түлектер əркез туған жеріне деген сағыныштары мен алғыстарын игі бастама арқылы жеткізуде.

Орталықтың ашылу салтанатына қатысқан "Nur Otan" партиясы Казталов аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ерболат Бекмулдин түлектерге алғыс білдіріп, Казталов ауданы əкімінің арнайы алғысхатын табыстады. Салтанатты шарада сөз алған аудандық білім бөлімінің басшысы Самал Жангереева түлектерге жылы лебізін білдірсе, Тереңкөл жалпы орта білім беретін мектебінің директоры Райымбек Тілеков мектеп ұжымы атынан алғысхат табыс етті.

Салтанатты шарада нəтижелі іспен ерекшеленген 2011 жылы мектеп бітіруші түлектер атынан Айдана Мұханбетова мектеп ұжымына қазақтың бас ақыны Абай Құнанбаевтың "Қара сөздерін" сыйға тартты.

Мектеп ұжымына қолдау жасап, заманауи үлгіде жасақталған коворкинг орталығын ашып берген түлектердің еңбегі көпке үлгі болмақ.

"Ауыл айнасы" ақпарат

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале