9.04.2021, 12:58
Оқылды: 128

Жаңақалада 220 адам екпе алды

Жаңақала ауданында «COVID-19» инфекциясына қарсы ресейлік «Спутник V» вакцинасымен екпе жұмыстары басталған болатын. Қазіргі таңда екпе науқаны әлі де жалғасуда. Вакцина басталғанымен, ауданда ахуал тұрақталмай тұр. Вакцина алдымен денсаулық сақтау қызметкерлеріне салынды. Аудандық аурухана директорының медицина жөніндегі орынбасары және анестизиолог-реаниматолог маман Дәурен Көкеновтің айтуынша, ауданда күні бүгінге дейін екпе 220 адамға салынған. Оның 118-і медицина қызметкерлері екен.Ал 1 сәуірден басталған екінші екпемен 10 адам егілді.

 ек

- Жаңақала ауданында 2021 жылдың наурыз айы бойынша коронавирустық инфекциясын 12 адам, сәуір айында 4 адам жұқтырған. Соның ішінде қазіргі таңда 6 адам үй карантинінде, 7 адам стационарлы ем алуда. 3 науқас толық емдерін алып, сауығып шықты. Соңғы уақытта коронавирустық инфекциямен шалдыққан науқастар саны көбеюде. Бекітілген сақтық шараларын қатаң түрде сақтауларыңызды сұраймыз. Вакцина – коронавирустық инфекциядан қорғаудың ең тиімді әдісі. Коронавирустық инфекциясының алдын алу үшін «Спутник V» вакцинасымен егілуге аудандық ауруханаға шақырамыз, - деді Дәурен Асылбекұлы.

 

Жаннұр Берікқызы,

Жаңақала ауданы

zhaikpress

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале