12.04.2018, 21:42
Оқылды: 60

БҚО əкімі «Ақжайық» футболшыларымен кездесті

IMG-20180412-WA0114Облыс әкімі Алтай Көлгінов «Ақжайық» футбол клубының футболшылары мен жаттықтырушылар құрамымен кездесіп, осы маусымдағы жоспарларды талқылады, деп хабарлайды облыс əкімінің баспасөз қызметі.


IMG-20180412-WA0120Кездесуге сондай-ақ БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Әсия Аманбаева, "Ақжайық" ЖШС директоры Нұртаза Əбілханов та қатысты.

Облыс әкімі жергілікті футболшыларды даярлау және аймақтағы балалар мен жасөспірімдер футболын дамыту мәселесіне тоқталды.

IMG-20180412-WA0119Əсия Аманбаеваның айтуынша, «Ақжайық» футбол клубы 2018-2022 жылдарға арналған балалар мен жасөспірімдер арасында футболды дамыту бағдарламасын бекітті. Сондай-ақ «Ақжайық» футбол орталығындағы 23 топта 5-18 жас аралығындағы 700 бала аяқдоппен айналысады.

IMG-20180412-WA0115«Ақжайық» футбол клубының бас жаттықтырушысы Владимир Maзяр облыс әкіміне клубқа ерекше назар аударғаны үшін алғысын білдірді. Бас жаттықтырушы Түркияда 2 оқу-жаттығу жиыны өткенін және «Ақжайық» құрама командасының 23 ойыншыдан IMG-20180412-WA0116(15 қазақстандық ойыншы, оның ішінде 7-еуі - жергілікті тәрбиеленушілер және 8 легионер) тұратынын жеткізді.

«Өңір тұрғындары сіздерді қолдайды. Жанкүйерлердің үмітін ақтау үшін нәтижелі ойын көрсету қажет», - деді Алтай Көлгінов.

zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале