22.09.2023, 18:00
Оқылды: 24

Әскери қызметшілер гір спортынан өткен Әлем чемпионатынан жеңіспен оралды

Өзбекстанның Хиуа қаласында өткен төрт күндік турнирге әлемнің 25 елінен 500-ден астам спортшы қатысты, деп жазды ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

A3BEB36B-450A-4175-8AAD-EC375378268D

Қазақстан ұлттық құрамасының құрамында ҚР ҚМ Спорт комитеті – Орталық спорт клубының Штаттық командаларды даярлау орталығы штаттық командаларды даярлау бөлімінің (әскери-қолданбалы спорт түрлері бойынша) спортшы-нұсқаушысы сержант Назым Ахмедов қатысты.

Қазақстандық әскери спортшы 95 келі салмақ дәрежесінде бақ сынап, 32 келі гір тасын ұзын циклды көтеруден тоқсан рет бағындырды.

Сондай-ақ Назым Ахмедов осы чемпионатта серпе көтеруден 3-ші орынды иеленді.

– Биылға жоспарланған Әлем, Азия және Қазақстан чемпионаттары жоспар бойынша өтті. Өзімді команданың бір мүшесі болғанымды мақтан тұтамын. Өйткені бұл нағыз ұжымдық жұмыс болды, - деп атап өтті сержант Назым Ахмедов.

Ол 8-12 желтоқсан күндері Щучинск қаласында өтетін гір көтеру бойынша Қазақстан Республикасының кубогына қатысуды жоспарлап отырғанын жеткізді.

Аягөз гарнизонындағы танк құрамасының 3-сыныпты сержанты Сұңқар Қуанышев 95 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде алтын медаль жеңіп алып,

10 минут ішінде 24 келі салмақты 150 рет көтерді.

– Менің қазіргі жоспарым 3 дүркін әлем чемпионы болу. Келесі жылы Бішкекте өтетін әлем чемпионатына сапалы дайындалып, нәтижелі өнер көрсетуді жоспарлап отырмын, - дейді екі дүркін әлем чемпионы.

Сұңқар Қуанышев «спорт шебері» атағының иегері, Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің және Азия ойындарының чемпионы. Бүгінде ол өз тәжірибесін шәкірттеріне үйретуде.

Гір спорты бойынша әлем чемпионатының қорытындысы бойынша жалпы командалық есепте «алтын» Өзбекстанда қалды. «Күміс» Қазақстанның қоржынына түссе, «Қола» ресейліктерге бұйырды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале