12.02.2016, 17:40
Оқылды: 18

Гір тасы және қол көресінен аудандық турнир өтті

Kaztalov gir tasi   12 ақпан күні Қазталов аудандық спорт кешенінде Тәуелсіздіктің 25 жылдығы мерекесіне орай қол күресінен және гір тасын көтеруден Қазталов аудандық чемпионаттың жалауы көтерілді. Бұл жарысқа ауданның спортшыларымен қатар көрші Бөкей Ордасы және Ресейдің Александров-Гай ауданынан келген спортшылар да қатысуда. Ашылу салтанатында сөз алған аудан әкімінің орынбасары Зәйлім Мажитова спортшыларды құттықтай келіп, олардың әрбір жеңісі Тәуелсіздік мерекесіне қосылатын үлес екеніне тоқталды.


Сондай-ақ сөз алған Александров-Гай ауданының "Заволжье" сауықтыру спорт комплексінің директоры Алексей Масляков, Орда ауданынан келген спорт ардагері Береген Қажығалиұлы жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.

Жарыс жалғасуда.

www.zhaikpress.kz

Серік ЖҰМАҒАЛИЕВ

Қазталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале