26.09.2015, 11:03
Оқылды: 19

Депоның жұмысы уақытша тоқтады

Lokomativ      Орал лакомотив депосының жұмысы уақытша тоқталды.  Бұл жөнінде жұма күні облыс әкімдігінде өткен баспасөз мәслихатында айтылды.

«Қамқор-Локомотив» ЖШС-ның атқарушы директоры Әбілтай Қанатбаевтың сөзіне қарағанда, тапсырыстың болмауына байланысты бұл кәсіпорынның жұмысы 3 айға уақытша тоқтатылды. Бірақ ондағы 268 адамның еңбекақысы елу пайыз деңгейінде төленіп тұрады, әлеуметтік пакет сақталады. Қызметкерлер жағдайға түсіністікпен қарауда.

Орал қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің сектор меңгерушісі Әсия Құрманқұлованың айтуынша, Орал лакомотив депосының қызметкерлері аталмыш мекемеге жұмыс бойынша қазірден бастап хабарласа алады.

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале