8.09.2015, 13:59
Оқылды: 29

Жаңақала ауданы білім беру ұйымдары 19 жас маманмен толықты

Janakala jas mamandarmen tolikti«Жас келсе іске» деген қазақ. Бүгінде күректей  дипломын қолға алып, қаладан жұмыс іздейтіндердің саны саябырсыды. Өйткені,  білікті жас мамандарды ауылға тартып, ауылды көркейтуге арналған түрлі мемлекеттік бағдарламалар жас маманның алыс ауылға барып, алаңсыз еңбек етуіне мүмкіндік туғызды.

Жаңа оқу жылында Жаңақала ауданындағы білім беру ошақтары 19 жас маманмен толықты. Олардың 14-і жоғары білімді болса, 5 арнаулы орта білімді. Олардың 1-қазақ тілі, 4-уі математика, 3-уі-дене тәрбиесі, 1 педагог-психолог, 1 әлеуметтік педагог, 1 информатика, 3 химия, биология, 1 АӘД, 1өзін-өзі тану, 1 тарих пәні мұғалімдері бар.

Жас мамандар қатары әлі де толыға түсуде. Бұл тізім қыркүйек айының ортасына нақтыланбақ.

www.zhaikpress.kz

Н.ЕСЕТОВА

Жаңақала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале