9.04.2016, 11:29
Оқылды: 14

Оралда көлік қағып кеткен үш жасар қыз көз жұмды

skori    7 сәуір күні кешкісін 1979 жылғы жүргізуші айдап келе жатқан «Мазда» автокөлігі Оралға қарасты Коминтерн кентінде 1993 жылғы әйел мен 3 жасар қызды қағып кеткен.

     БҚО ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, қыз бала оқиға орнында көз жұмса, әйел облыстық клиникалық ауруханаға жатқызылды.


     Аталмыш оқиға бойынша ҚР ҚК 345-бабы 3-бөліміне сәйкес қылмыстық іс қозғалып, жүргізуші уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды.

     Қазіргі кезде тергеу амалдары жүргізілуде.

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале