18.08.2015, 17:20
Оқылды: 30

Саябақта әуеледі әсем ән...   

борсыАудандық мәдениет және демалыс саябағында Борсы ауылдық округінің көркемөнерпаздары «Ауылым – алтын бесігім» атты концерттік бағдарлама ұсынды.

Борсы ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маманы Назар Шарипов сөз алып, концертті тамашалауға келген жұртшылыққа ризашылығын білдіргеннен кейін, кеш өз жалғасын тапты.

Сахна төріне Дарын Дияр мен Арсен Сади көтеріліп, «Туған жер» әнін патриоттық сезіммен орындап шықты. Әртүрлі билерді орындаған  «Аққайың» орта  және жоғарғы буын бишілерінен құралған би ансамблі мың бұралған қимылдарымен көрермендерді таң қалдырып, қошеметіне бөленді. Мербол Ихсанов «Лебізім», Ранида Майдушева «Туған жер әнін айтады», «Ариайдай», Асылай Құзайырова «Достарым» секілді әндер шырқаса, Дарын Дияр жастар арасында «хитке» айналған «Вокзалда қауышқан қыз» әнін орындап берді. Қазақ жазба өнерінің ұлар шыңына айналған ақын Қадыр Мырза Әлінің «Жоқ, өлмеймін» өлеңін Асылан Құзайыров нақышына келтіріп оқып, бір демде жиналған жұртты поэзия сиқырымен баурап алды.

Қысқа әрі мазмұнды өткен концерт көрермендердің көңілінен шығып, жүректерінен орын тапты. Кешті Мербол Ихсанов «Қазақтай ел қайда» әнімен қорытындылады.

                                                                                          www.zhaikpress.kz

 Данияр ҒИБРАТҰЛЫ

                                                                                                      Жәнібек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале