22.12.2018, 16:45
Оқылды: 30

Оралда энергетика саласы қызметкерлері марапатталды

Желтоқсан айының үшінші жексенбісі еліміздегі энергетика саласы қызметкерлерінің күні.

IMG-20181222-WA0057

Кәсіби мереке қарсаңында бүгін Орал қаласындағы "Достық" үйінде экономиканың флагманы саналатын энергетика саласының мамандарына құрмет көрсетілді. Салтанатты жиынға қатысқан облыс әкімінің орынбасары Ғабидолла Оспанқұлов: "Елбасы Н.Назарбаев атап өткендей, энергетика - экономиканың алтын өзегі. Батыс Қазақстан облысы 2002 жылға дейін 90 пайызға жуық электр қуатын сырттан алатын. Қазіргі таңда бұл тәуелділіктен біз арылдық. Өңірдің энергетика саласы тәуелсіз деп айтуға толық мүмкіндігіміз бар. Соңғы жылдары іске қосылған түрлі қуат көздері бізді осы межеге алып келді" дей келе, қажырлы еңбегімен өңірдегі энергетика саласының өркендеуіне өлшеусіз үлес қосқан сала үздіктеріне облыс әкімі Алтай Көлгіновтің атынан алғыс хаттар табыс етті. Айта кету керек, облыс энергетиктері биылғы жылды табысты аяқтап отыр. Кәсіби мерекеге орай, саланың бастау алған сәтінен уақытпен санаспай, қиындыққа мойымай, тынымсыз еңбек еткен сала ардагері Барадус Изделеев Қазақстан электр энергетикасы қауымдастығының "Еңбек сіңірген энергетик" медалімен, "Жайықжылуқуат" АҚ-ның жылу желілері учаскесінің бастығы Серікқали Ибрашев ҚР Энергетика министрлігінің "Құрметті энергетик төсбелгісімен", жылу қазандығы цехының аға машинисі Сергей Тугин министрліктің Құрмет грамотасымен марапатталды. "Батыс Қазақстан электр желілерін таратушы компаниясы" АҚ бас инженерінің орынбасары Серікқали Жұмағалиевке "Астана- 20 жыл" мерейтойлық медалі табыс етілді. Жиын барысында қалалық мекемелердің бір топ қызметкері Орал қаласы әкімінің алғыс хатымен марапатталды. Сондай-ақ кәсіби мерекеге орай сала мамандары арасында ұйымдастырылған спорттық жарыстардың жеңімпаздарына құрмет көрсетілді. Салтанатты шара өнер ұжымдары ұсынған концерттік бағдарламамен қорытындыларды.

Динара Есентаева,

Zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале