7.06.2019, 12:07
Оқылды: 35

«Ақжайық» футболшылары «Шаңырақ» жасөспірімдер үйіне барды

«Ақжайық» футболшылары мен бапкерлері және клуб әкімшілігі Орал қаласындағы «Шаңырақ» жасөспірімдер үйінде болды.

Akzhaik Shanyrak (4)

Жетім көрсең, жебей жүр дейтін футболшылар қайырымдылық шарасына белсене араласты. Қажетті заттардың барлығын алып келген аяқдопшыларға разы болған балалар ойыншылармен естелік суретке түсті. Сондай-ақ сүйікті ойыншыларынан қолтаңба алып, «Ақжайық» ойыншыларымен доп ойнады.

Akzhaik Shanyrak (7)

Кездесу соңында балалар үйінің меңгерушісі Өмірбай Қалымбетов қайырымдылық шарасын ұйымдастырған клуб басшылығы мен футболшыларға ризашылығын білдірді.

«Ақжайық» футбол клубының баспасөз қызметі

Суреттерді түсірген Айбатыр Нұраш

Akzhaik Shanyrak (8) Akzhaik Shanyrak (6) Akzhaik Shanyrak (5) Akzhaik Shanyrak (3) Akzhaik Shanyrak (2) Akzhaik Shanyrak (1)

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале