12.05.2025, 20:00
Оқылды: 93

Аналар күніне орай ерекше күтімді қажет ететін балалар тәрбиеліп отырған аналармен кездесу өтті

«AMANAT» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалы жанындағы Әйелдер қанатының ұйымдастыруымен Аналар күні мерекесіне орай ерекше күтімді қажет ететін балалар тәрбиеліп отырған аналармен кездесу өтті.

91dbc75e-a02d-43a4-9974-ebc58821648c
Әйелдер қанаты жұмысындағы қызметтің негізгі бағыттары Әйелдердің саяси көшбасшылығын қолдау, Инклюзиялық қоғамның дамуына жәрдемдесу, Психологиялық қызмет институтын құруға және қызмет етуіне жәрдемдесу екенін ескере отырып, әйелдер қанатының жетекшісі Гаухар Шайхиниязова аталған кездесудің маңыздылығын атап өтті.
- Біз осы партия жанындағы әйелдер қанатын құрған кезде өзімізге басты міндет ретінде қолдауды қажет ететін әйелдерге жәрдем беру деп таныдық. Аналар күні мерекесі соңғы кездері біздің елімізде кеңінен тойланып жүргенін байқап, биылғы мерекені қаламыздағы ерекше күтімді қажет ететін балалары бар аналарға арнағымыз келді. Себебі әр күн сайын қандай қиыншылықпен кездессе де, балалары үшін барлығына төзе біліп, алға ұмтылып жүрген қайсар аналар көпке үлгі. Бүгін еркін форматта әңгімелесіп, аналардың өтініштерін тыңдап, шағын сыйларымызды табыстадық. Алдағы уақытта аналардың өтінішімен қалалық, облыстық мәслихат депутаттарымен де кездесулер ұйымдастыру жоспарда бар, - деді Гаухар Шайхиниязова.

eba432ca-242e-407c-90b0-3402941dbe36
Отырысқа «Бәйтерек» мүгедектігі бар балалар қоғамы» ұйымының жетекшісі Мирует Санкаева қатысты. Отырысқа қатысушы аналармен бірге көп уақыттан бері ұйымның жұмысы тоқтап тұрғаны туралы айтып, қазіргі таңда балаларға әлеуметтік ортаны құрып отырған ұйымның жұмысы жүруінің маңызы зор екенін айтып өтті.
​Кездесуге қатысушылар балаларға күтім көрсетуде кездесетін қиындықтар туралы, қазіргі таңда орта жеткіліксіз екендігін жеткізіп, балаларға арнаған өлең шумақтарын оқып берді.

Зарина Каирова
«AMANAT» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалының
баспасөз хатшысы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале