11.03.2019, 16:26
Оқылды: 37

Әскерден жалтарғандарға 1000 АЕК айыппұл салынады

Мерзімді әскери қызметке шақырудың көктемгі науқанының басталуына орай БҚО Қорғаныс істері жөніндегі департаментте жиын өтті.

 qorganys (2)

Жиынға аудандардағы қорғаныс істері жөніндегі бөлім қызметкерлері қатысты. Департаменттің штаб бастығы Марат Есенов әріптестерінің осы күнге дейін атқарған қызметтеріне көңілі толмады ма, қайдам, әйтеуір сөз басын қатқылдау бастап, кейбірін орындарынан тұрғызып бір сілкіп алды.

– Біз Отан алдындағы борышын өтеуге баратын азаматтарды жер аударуға немесе тал егуге жіберіп жатқанымыз жоқ. Олар елін, жерін қорғауға барады. Әскерге баратын жастан өтіп кеткен жігіттерді дереу тізімнен шығарып, жастарды жіберуге жұмыстануымыз керек. Елбасының өзі «18 жастан 27 жасқа дейінгі азаматтар әскерге барып, Отанын қорғауы тиіс» деп тікелей тапсырма берді. Біз соны бұлжытпай орындауға міндеттіміз. Өз қызметімізді абыроймен атқару үшін жүйелі жұмыстануымыз керек, - деп сөзін түйіндеген Марат Владимирұлы бірқатар әріптесіне алғысхат табыс етті.

Айта кетейік, көктемгі шақыру кезінде облыс бойынша 800-ге жуық азамат әскерге аттанбақ. Әскерге барудан жалтарып, қашып-пысып жүргендерге ҚР Қылмыстық кодексі бойынша 1000 АЕК айыппұл салынады.

qorganys (3) qorganys (4) qorganys (5)

Есенжол Елекенов,

© zhaikpress.kz

 

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram -дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале