2.05.2020, 11:05
Оқылды: 163

БҚО әкімі Жаңақала ауданына іссапармен барды

Кеше облыс әкімі Ғали Есқалиев жұмыс сапарымен Жаңақала ауданында болып, биыл құрылысы басталатын және күрделі өндеуден өтетін бірқатар нысандармен танысты.

Айта кетейік, биыл Жаңақала ауданына еліміздегі мембағдарламалар және «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламаса аясында облыстық бюджеттен 1 млрд. 895 миллион теңге қаржы бөлінген. Аталған қаражат есебінен екі ауылдық мектепке,аудан орталығындағы балалар және жасөспірімдер спорт мектебіне күрделі жөндеу жүргізу, екі елдімекендегі таза ауыз су жүйесі жаңғырту, Жаңақазан ауылынан мәдениет үйін салу қолға алынған.

7436513a-1eb4-4177-b4bc-249e6dec051d

Биыл аудан орталығына апарар тас жол бойында орналасқан, 266 түтіні, 1400 дей халқы бар Қызылоба ауылындағы таза су құбырын қайта құру жұмысы жүргізіледі. «Жұмыспен қамтудың жол картасы» аясында құрылысы күні ертең басталатын жаңғырту жұмыстары осы жылдың желтоқсан айында толықтай аяқталмақ. Аталған құрылысқа 500 миллион теңгеге жуық қаржы бөлінген. Таза су тарту ісіне 138 адам жұмылдырылатын болса, соның ішінде 69 ауыл тұрғыны жергілікті жұмыспен қамту орталығы арқылы еңбекке тартылмақ.

517fa3a7-266d-45ec-96c2-22c6d9a4906e

-Бұл ауылға су Көшім өзенінен тартылып, арнайы құрылғылар көмегімен тазартылып, тұрғындарға жеткізілетін болады. Су өзеннен екі құбыр арқылы жер астында орналастырылған бірінші деңгейдегі сорғыға жеткізіледі. Ал екінші тазарту деңгейіне көтерілген су әр қайсысының сыйымдылығы 100 текше метрлік екі су жинағышқа құылады. Мұнан бөлек 50 текше метрлік мұнара, суды залалсыздандыратын «ДВУ 10-8» құрылғысы мен қысым реттегіштер орнатылады. Жалпы ұзындығы 18 шақрымнан астам су құбыры тартылып, 122 су тарату құбыры мен 45 өрт сөндіру гидранты салынады. Тазартылған ауыз су жеке тұрғын үйлердің ауласына дейін тартылса, әлеуметтік нысандарға толықтай кіргізіліп беріледі. Су тазарту орынында жеті адам тұрақты жұмыс жасайтын болады,-деп түсіндірді «Казэкология Жобалау» ЖШС-ның бас инженері, жобаның авторы Людмила Лебедева.

2adaaaa5-7d13-4c22-8a8d-9cfb1062b011

-Жергілікті халықты таза әрі сапалы ауыз сумен қамту біздің басты міндетіміз. Бұл ауылдардағы ауыз су жүйесін жаңғыртуға ауықымды қаражат қарастырылды. Сондықтан жұмыс уақытылы және сапалы атқарылуы керек. Әр жөндеу жұмыстары мен құрылыс сол жердегі қоғамдық бақылаудың жіті қадағалауында болуы шарт. Себебі бұл мердігер компаниялар құрылыс аяқталған соң өз жөндеріне кетеді. Ал осы игілікті пайдаланатын жергілікті тұрғындар. Біз бүгін әр ауылдағы қоғамдық бақылаушының қолына облыстық құрылыс басқармасының арнайы рұқсат қағазын табыс етеміз. Сол арқылы ол адам құрылыстың басына келіп, оның сапалы атқарылуын қадағалайтын болады. Сонымен қатар әр аудан, ауыл әкімдері атқарылып жатқан жұмыстың жобалық сметасына назар аударғаны жөн. Әр жобаның артында қомақты қаражат тұр. Мемлекет қаржысының болмашы бір қажет емес жұмыстарға жұмсамауымыз керек. Жобаны тиянақты тексеріп, ысрапшылдыққа апаратын шығынды қысқарту қажет. Ал үнемделген қаржы сол ауданның немесе ауылдың басқа да мұқтаждығына пайдаланар едік. Сонымен қатар «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасының негізгі бағыты құрылыс жүргізу арқылы жергілікті халықтың еңбек етуін қамту болып отыр. Сондықтан нағыз мұқтаж жандардың жұмыспен қамтылуын жергілікті әкімдік қатаң назарда ұстауы тиіс. Құрылысқа қажетті материалдарды жергілікті өндірушілерден алу да басты назарда болуы керек,-деді облыс әкімі Ғали Есқалиев.

 

Осы ретте аудан әкімі Наурызбай Қарағойшин су құбырын тарту кезінде қаражат үнемдеу мақсатында өрт сөндіру гидранттар санын қысқартуды, сорғы орналасқан ғимараттың қоршауын шағындауды, құбыр жүргізу барысында көшелердегі шұңқырларды есеппен қазуды ұсынды.

332a14b0-6906-4911-b232-979624213ac1

Жаңақазан ауылындағы мектеп

Жаңақазан ауылындағы мектеп

b2c7013d-6c71-479d-ae03-6104bede737c e75edb1c-b283-4105-bcc4-f85e5ecd8df4

Нұрбек ОРАЗАЕВ,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале