3.11.2018, 16:20
Оқылды: 24

БҚО-да қысқы дизельдің бағасы 210 теңгеден басталады (СУРЕТ)

Қазір БҚО-да 131 жанар-жағармай бекеті бар. Оның 78-і Орал қаласында.  Бүгінде жазғы дизель бағасы 191-195 теңге, қысқы дизель бағасы 210-249 теңге аралығында.

7fa9daf2-2d10-4f31-b292-cc3893d8ae99

-Жанар-жағармай бекеттерінің бірқатары дизель отынын көршілес Ресей Федерациясынан алады. Ол елде көтерме бағаның өзі жоғары. Облысымыздағы жанар-жағармай бекеттері қазан айының ортасынан бастап қысқы дизель әкеле бастады. Бұл өңіріміздің климаттық жағдайына байланысты.

Жазғы дизельдің қату температурасы -10℃, сондықтан ол қоршаған ортаның температурасы 0℃ жоғары болғанда пайдаланылады. Ал қысқы дизельдің қату температурасы -35℃ и -45℃ аралығында.

Дизель отынының бағасы жөнінде Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау департаменті тексеруді бастады. Дәл қазір облыстағы мұнай өнімдері базаларында қажетті көлемде жанармай бар. Жалпы нарықтағы жағдай қалыпты. Бекеттерде тапшылық пен кезек байқалмайды, -дейді БҚО Энергетика және ТҮКШ басқармасының бөлім басшысы Бейімбет Мусин.

Бүгін жазғы дизель «Қазмұнайгаз», «Гелиос», «Азов», «Батыс ГрандОйл», «VenOil»  бекеттерінде 195 теңге, «Биномда» 194 теңгеден, «Конденсат» пен «Беркут» бекеттерінде 192 теңгеден, «Меркурий» бекеттерінде 191 теңгеден берілуде. Ал қысқы дизель «Қазмұнайгаз» бекеттерінде 213 теңге, «Октан» бекеттерінде - 215, «Орал Жан-ойл» бекеттерінде - 210, «Конденсатта» 215 теңгеден, «Москвичиде» - 220, «Нефтек» бекеттерінде 249 теңгеден сатылуда.

Нұрлыбек Рахманов,

zhaikpress.kz

9720a419-4405-4841-a8f0-1d45e1d07789 e50f8569-8edd-4a01-b891-f18fa61f5b15 7eb62414-2b75-416e-91c1-9b12b5404030 8b117850-5b8c-4f36-839c-8d7e3fb0cf78 4905a549-0b68-4066-8bc0-31f83f06bb6b

96824fa9-43c7-47ab-8075-effd4d65f5ea

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале