23.04.2020, 23:31
Оқылды: 433

"Коммуналдық төлем үшін 15 мың теңгені тұрғындардың шотына емес, коммуналдық мекемелердің шотына аударамыз"

Бұл жайлы БҚО әкімі Ғали Есқалиев AQJAIYQ арнасында тікелей эфирде айтты.

-Коммуналдық шығындардың өтелуі жайлы тұрғындардан көптеген сұрақтар түсуде. Ешқандай алаңдау болмасын, уақыт әлі бар. Сәуір айы үшін 10 мамырға дейін түбіртек келгенше төлемдер жасалады. Коммуналдық төлем үшін 15 мың теңгені тұрғындардың шотына емес, коммуналдық мекемелердің шотына аударамыз. Коммуналдық төлемі өтелетін санаттар жайлы алдын ала интернет арқылы айтылды. Біздің есебіміз бойынша, облыста бұл санатты 39-40 мың адам бар. Яғни ол адамдарға осы айдың түбіртектері 15 мыңға кемітілген сомма көрсетіледі, - дейді облыс әкімі.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале