22.12.2018, 0:38
Оқылды: 28

Оралда облыстық театрдың 25 жылдығы аталып өтті

Мерейлі шара театр актері әрі бас режиссері Самал Әбуовтың «Театр. Тарих. Тағылым» атты театр өмірінен сыр шертетін кітабының таныстырылымымен басталды.  

фото Рафхата Халелова (480)

Театрдың мерейтойына Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Т.Жүргенов атындағы қазақ ұлттық өнер академиясының ректоры А.Маемиров, М.Әуезов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық театрының артисі, Қазақстанның еңбек сіңірген артисі М.Өтекешова, М.Әуезов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық театрының артистері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Г.Жақыпова, А.Сатыбалды, Б.Айтжанов,  Ғ.Мүсірепов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының актерлары, еліміздің еңбек сіңірген артистері М.Ахманов, Х.Нұғыманова, Т.Ахтанов атындағы Ақтөбе облыстық драма театрының директоры Н.Кәдірбаев, Қ.Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыка театрының директоры А.Сексенбаев қатысты.     Хадиша Бөкеева атындағы облыстық қазақ драма театры 1993 жылы Тәуелсіздік күні Мұхтар Әуезовтың «Қарагөз» трагедиясымен ашылды. Кейін автордың «Еңлік-Кебек», «Айман-Шолпан» драмаларын, Қадыр Мырза Әлидің «Қасқыр қақпан», Е.Домбаевтың «Айналайын ақ келін», «Ғашықтық туралы баллада», «Бізде ғашық болғанбыз» шығармаларын сахналады.     Өнер ұжымы 1998 жылы Тараз қаласында өткен республикалық театрлар фестивалінде С.Асылбековтың «Бір түнгі оқиға» (режиссері М.Ахманов) туындысын қойып бас жүлде жеңіп алса, 2003 жылы М.Өтемісұлының 200 жылдық мерейтойына арнаған ХІ республикалық театрлар фестивалінде И.Ғайыптың «Махамбет» трагедиясын ұсынып І орынға ие болды. 2015 жылы РФ-ның Керчь қаласында өткен «Боспорские агоны» халықаралық антикалық өнер фестивалінде Еврипидтің «Троя аруларын»,  2017 жылы Македонияның Велес қаласында өткен «Стоби-2017» халықаралық фестивалінде «Филоклет және Медея» қойылымдарын сахналап бас жүлдемен келді.

  Ал сахна саңлақтарын құттықтаған облыс әкімінің орынбасары Ғ.Оспанқұлов облыс әкімі А.Көлгінов атынан бір  топ театр актеріне алғыс хат табыстады. Бұдан бөлек ұжымға және қызметкерлері ҚР мәдениет және спорт министірінің, облыстық мәдениет және спорт басқармасы басшысының алғыс хатымен марапатталып, «Салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің» кәсіптік одағының «Еңбек даңқы» төсбелгісі, Алматы қаласындағы «Талантты тану» орталығының «Мәдениет майталманы» және «Өнер саласының үздігі» төсбелгісі берілді.

фото Рафхата Халелова (690)(1)

фото Рафхата Халелова (549)

фото Рафхата Халелова (571)

FB_IMG_1545421214008

Динара Насыр,

cуреттерді түсірген Рафхат Халелов

Zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале