10.06.2019, 18:27
Оқылды: 29

Халықаралық тәжірибесі бар беделді саясаткер

Кеше ел болып басты таңдауымызды жасадық. Президенттік сайлаудың қорытындысы бойынша Қасым-Жомарт Кемелұлының кандидатурасы жеңіске жетті.

nurgali1

         Биыл алғаш рет құрылған "TeamQazaqstan" жастар қанатының құрамында болып,  халықты Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, оны қолдауға шақырдық. Үгіт-насихат жұмыстарымен айналыстық. Сайлауға дайындық жұмысы өте қызу өтті. Бұл тек Қасым-Жомарт Кемелұлының жеңісі емес – барлығымыздың жеңісіміз деп білемін. Себебі, миллиондаған жақтаушылардың үлкен сенімінің нәтижесі. Жаңа президентіміз өзінің бар білімін, тәжірибесін елдің игілігі үшін, одан әрі көркейіп, өсу үшін жұмсайтынына сенемін.

         Жаңа президент еліміздің өзге мемлекеттермен достық қарым-қатынас орнатуға белсене ат салысқан, тәжірибелі дипломат әрі келіссөз жүргізудің шебері екенін бәрі жақсы біледі. Халықаралық тәжірибесі бар беделді саясаткер. Елімізді Президенті ретінде мемлекетті әлемдік аренада таныстыратын абыройлы тұлға екені сөзсіз. Сайлауалды бағдарламасында ұсынған "Сабақтастық. Әділдік. Өрлеу" қағидаларын жүзеге асырып, мемлекетіміздің ішкі және сыртқы мәселелерін ешқандай қиындық шешеді деп сенемін.

Нұрғали Жолдасқалиев,

"Жас отан" жастар қанаты

БҚО филиалының төрағасы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале