19.04.2021, 8:55
Оқылды: 521

Жол жөндеу жұмыстары – қоғам бақылауында

«Сапалы жол – Адалдық алаңы» жобасының жүзеге асырылуы аясында «Ұлттық жол активтері сапасы орталығы» РМК облыстық филиалының мамандары, «Ақжайық – адалдық аланы» жобалық офисі, қоғам өкілдерімен бірлесіп 2021 жылдың 16 сәуірінде Абай даңғылы бойынша жол жөндеу және жол таңбаларын салу бойынша жүргізіліп жатырған жұмыстарға мониторинг жүргізді.

dd11d206-57af-4b2a-b16a-4c07ed9d217c

Мониторинг барысындажолды таңбалау кезінде технология талаптары сақталмағандығы яғни жиектерді ақ түске бояу процесі жиектердегі ескі бояуды тазартпастан шаңды жиектердің үстіне жүргізіліп жатқандығы анықтады.

Қауіпсіз қозғалысты қамтамасыз ету мақсатында анықталған кемшіліктерді жою бойынша құзырлы мекемелерге ұсыныстар жолданатын болады.

43965d82-a72c-4e1f-ae8b-caba91a6b7c5

Осы жобаның міндеттерінің бірі белсенді азаматтық ұстанымы бар қоғам мүшелерімен өзара іс-қимыл кезінде жол құрылысының барысын қоғамдық бақылауды және ашықтықты қамтамасыз ету болып табылады.

Сыбайлас жемқорлық фактілері туралы кез келген азамат 24/7 режимінде жұмыс істейтін «1424» Call-орталығы арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке хабарлай алады.

84c7934c-201e-41ca-8bbb-29ceae8f4384

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале