24.01.2017, 16:33
Оқылды: 14

Биыл Теректі ауданының үш ауылы таза сумен қамтылады

Terekti akim esebi  Бұл туралы аудан әкімі М.Мұқаевтың Шалқар, Аңқаты және Ұзынкөл ауылдық округтеріндегі халықпен жүздесуінде айтылды.
  Аудан басшысы Мұрат Рахметұлы тұрғындарды ауыл шаруашылығын дамытуға үлес қосуға шақырды. Жаңадан қолданысқа еніп жатқан «Береке» бағдарламасы арқылы несие алып, мал өсірем десеңіз, біз сіздерді қолдаймыз деді аудан әкімі.


  Шалқарлық ағайындар мал ұрлығы, су, газ, ауылдағы «Қазпошта» АҚ-ның кемшілігі жөнінде сөз қозғады. Аудан және округ әкімі барлық сұрақтарға тұщымды жауап берді. Сондай-ақ шалқарлықтар өңір басшысының қыста жол аршу үшін, жазда өрттің алдын алу үшін округке 1 трактор беруді жоспарлағанын естігенде, бір серпіліп қалды.

  Аңқаты ауылдық округіндегі кездесуде көп қабатты үйлерді жаңғырту, мешіт салу, ауылға дәрігерлердің келмеуі сынды мәселелер көтерілді. Аңқатылықтар да өздеріне трактор берілетінін, мектептерінің 2019 жылы күрделі жөндеуден өтетінін естіп қуанды.

  Ұзынкөл ауылдық округінде болған кездесуде бірнеше жыл қатарынан кезекте тұрған тұрғындарға үй салу, аптека ашу, мектептің күрделі жөндеуден өтуі сынды мәселелер талқыланды. Тұрғындар көкейіндегі сұрақтарына жауап алды.

  Әр кездесуде аудан әкімі диструктивті діни ағымдардың ықпалынан жастарды аман алып қалу үшін бірге жұмыстану қажеттігін ескертіп отырды. Сонымен қатар биыл облыс әкімі А.Көлгіновтың қолдауымен, аталмыш үш округ «Ақбұлақ» бағдарламасының арқасында таза ауыз су мен қамтылатынын да атап өтті.

Аягөз АЙБАРҚЫЗЫ

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале