10.01.2018, 17:40
Оқылды: 26

Жалпақталдық майдангер 95 жасқа келді

 

Ел тыныштығын ту етіп, от пен оқтың ортасында  шайқасқан майдангер атамыз, Жалпақтал ауылының тұрғыны, Ұлы Отан соғысының ардагері  Жұбат Сәрсенбиев 95 жасқа келді.

Мерейтой иесін құттықтауды құп көрген аудан әкімі Абат Шыныбеков, облыстық мәслихаттың депутаты Мағауия Есмағұлов және ауыл әкімі Самиғолла Ақмурзин майдангердің шаңырағында болып, облыс әкімі Алтай Көлгіновтің құттықтау хатын табыстады.

Мерейлі жасымен құттықтай келген меймандарға ризашылығын білдірген Жұбат ақсақал:

-Әрдайым қазыналы қарттарын елеп, сый-сияпат, құрмет көрсетіп отыратын басшыларға ризашылығымды білдіремін. Соғыстағы сұрапыл күндер артта қалды. Ендігі ұрпақ ол сұм уақытты бастан кешірмесе екен. Еліміз аман, жұртымыз тыныш, болашағымыз жарқын болсын, - деді.

Тұрарбек ҚАЙЫРҒАЛИ,

Жалпақтал ауылы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале