2.10.2015, 18:19
Оқылды: 21

ТАЗАЛЫҚ БАРШАМЫЗҒА ОРТАҚ ІС

Asilai tazalik  28 -30 қыркүйек аралығында «Тәртіпсіздік пен құқық бұзушылықтарға мүлдем төзбеушілік» атты кең ауқымды республикалық акциясы өтті.

БҚО ІІД Әкімшілік полиция басқармасының қызметкерлері бұқаралық ақпарат құралдарымен және БҚО студент жастар арасында құрылған «Ауыл жастары» қоғамымен бірлесе отырып, қоғамдық жерлерде, мәдени көпшілік орындарда, көп адамдар легі серуендейтін орталарда құқық бұзушылықтарға жол берген адамдарды анықтау мақсатында рейдтік іс-шара өткізді.

Акцияға қатысушылардың бірі - Әбірқайыр даңғылындағы «Жайық» базарына, екіншісі – Мұхит көшесіндегі «Мирлан» базарына жол  бастады. Екі бағытқа да қаламыздағы екі телеарна: біріне қалалық «ТДК-42» телеарнасы, екіншісіне облыстық «Қазақстан-Орал» телеарналарының операторлары мен тілшілері қоса жіберілді.

Шара барысында ұсақ бұзақылықтарға, аумақтарда көріктендіру ережелерін бұзу, жасыл екпелерін жою және бүлдіру, қоғамдық орындарды ластау, автокөлік салонынан қалдық лақтыру, сондай-ақ, белгіленбеген жерде сауда-саттықпен айналысу секілді құқық бұзушылықтарға аса мән берілді. Әкімшілік полиция басқармасы инспекторларының күшімен қала көшелерінде ұсақ құқық бұзғандар ұсталып, 85 хаттама толтырылды, оның ішінде белгіленбеген жерде сауда-саттықпен айналасқаны бойынша 64 құқық бұзушылық анықталды.

www.zhaikpress.kz

          Асылай Губашева

БҚО ІІД баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале