25.04.2020, 11:28
Оқылды: 63

 Ержан Максимнің ізімен: Мейіржан Жидебай «Голос. Дети» финалында өнер көрсетті

Қазақстандық жас өнерпаз Мейіржан Жидебай Ресейдің «Голос. Дети» телешоуының финалында өнер көрсетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

1DC368BB-5FCE-4701-ADC1-397A23036499

Шоудың соңғы кезеңінде үш тәлімгер - Полина Гагарина, Валерия Меладзе және рэпер Баста іріктеп алған үздік өнерпаз балалар сахнаға шықты. Бірінші болып Валерия Меладзе жетекшілік ететін үш бала өнер көрсетті. Олар: Кристина Силлер, Кирилл Александров және Софья Туманова. Дауыс беру арқылы Софья ақтық сынға жолдама алды.

Екінші болып Полина Гагарина баптаған балақайлар ән салды. Олар: Мейіржан Жидебай, Артем Фокин және Артем Морозов. Мейіржан Селин Дионның I Surrender әнін шырқады. Алайда ақтық сынға Артем Фокин өтті.

Бастаның командасынан Софья Льорет, Иван Кургалин және Олеся Казаченко есімді әнші балалар өнер көрсетті. Бұл үштіктен Бони Тайлердің Total Eclipse of the Heart әнін шырқаған Казаченко суырылып шықты.

Осылайша финалдық сында Софья Туманова, Артем Фокин, Олеся Казаченко сайысқа түсті. Ақтық сында Алла Пугачеваның «Миллион алых роз» әнін шырқаған Олеся Казаченко үздік деп танылып, биылғы маусымның жеңімпазы атанды. Ол көрермендер дауысының 35,7 процентін жинаған болатын. Естеріңізге сала кетейік, былтыр «Голос. Дети» байқауының 6 маусымы мәреге жеткенде шу шыққан болатын. Әнші Алсудың қызы Микелла Абрамова 56,6 процент, оның қарсыластары қазақстандық Ержан Максим 27, Валерий Кузаков 15 процент дауыс жинаған болатын. Бұндай алшақтық көрермендердің ашуын туғызып, олар дауыс беру кезінде әділетсіздікке жол берілді деп ұйымдастырушыларды айыптаған еді. Арада бір жыл өткенде Ресейдің Бірінші арнасының (Первый канал) басшылығы «Голос. Дети» байқауы 6-маусымының финалдық нәтижелерін жойып, қайтадан финалдық сайыс өткізді. Ол жолы ақтық сынға шыққан өнерпаздардың бәріне жеңімпаз деген атақ берілді.

 zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале