28.08.2019, 17:26
Оқылды: 153

Оралда көп балалы ана құс шаруашылығымен айналысуда

Орал қаласында атаулы әлеуметтік көмек алу үшін сәуір айынан бастап 3329 өтініш қабылданған. Тұрғындар тарапынан әлі де өтініш түсуде.

aidana aek

Мемлекет тарапынан берілетін көмек – жұмыссыз немесе күнкөрісі төмен отбасыларға өз кәсібін ашып, дамытуға берілген зор мүмкіндік. Атаулы әлеуметтік көмек алуға құжат тапсырып, қаржылай көмекке қол жеткізгендердің бірі - Айдана Ихсанова.

Айдана Тлекқабылқызы жолдасы екеуі төрт баласы тәрбиелеп отыр. Ол Орал қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығынан кеңес алады. Шартты ақшалай атаулы әлеуметтік көмек тағайындалып, айына 15 959 теңге көлемінде қаражат төленді.

-Биыл сәуір айында «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы аясында «Бастау Бизнес» кәсіпкерлік негіздері бойынша оқу курсынан өттім. «Жаңа бизнес идеяларды іске асыруға мемлекеттік гранттар беру», «Әлеуметтік қамқорлық» бағдарламасы шеңберінде 252 500 теңгеге қайтарымсыз грантқа қол жеткіздім. Құс шаруашылығымен айналысудамын. Қазір 125 үйрек, 50 қаз, 40 мулард құсы бар. Алдағы жылы бұдан да көбірек құс алып, кәсіп ретінде дамытқым келеді,- дейді Айдана.

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале